Қазақстандық екі теннисші Португалиядағы Челенджердің 1/8 айналымына өтті
Қазақстандық теннисшілер Тимофей Скатов пен Михаил Кукушкин Порту (Португалия) Челленджер турнирінің 1/8 айналымына өтті.
Әлемнің 189-ракеткасы Тимофей Скатов бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 489-орында тұрған португалиялық Фредерику Феррейра Силвамен өткізді.
Қазақстандық теннисші 1 сағат 41 минутқа созылған матчта қарсыласын 6:3, 6:3 есебімен тізе бүктірді. Ол 5 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды.
Әлемнің 134-ракеткасы Михаил Кукушкин рейтингіде 336-сатыдағы қытайлық Цзе Цуймен ойында камбэк жасай алды – 3:6, 6:2, 6:1.
2 сағат 6 минутқа созылған тартысты бәсекеде Кукушкин 1 эйс, 5 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті.
Енді ширек финалға өту үшін Скатов даниялық Аугуст Хольмгренмен, ал Кукушкин рейтингіде бельгиялық Йорис Де Лоремен ойнайды.