2024 Париж Олимпиадасы

Махмұт Сабырхан Париждегі бірінші жекпе-жегінде жеңілетіні айтылды

Махмұт Сабырхан Париждегі бірінші жекпе-жегінде жеңілетіні айтылды
Спортты дамыту дирекциясы

LiveResult сайты Париж Олимпиадасындағы 57 келідегі Махмұт Сабырхан мен испаниялық Хосе Кильес арасындағы 1/8 финалдық жекпе-жекке болжамын жазды.

Боксшылар рингке бүгін, 31 шілдеде шығады. Жекпе-жектің басталуы Астана уақытмен 14:16.

"Махмұт 22 жаста, бойы 165 сантиметр. Боксшы Париж Олимпиадасына іріктеу турниріндегі қатарынан төрт жеңіс сериясымен келеді: Летоны (төрешілердің бөлек шешімімен), Саравутты (төрешілердің ортақ шешімімен), Триадоны (төрешілердің ортақ шешімімен) және Вахидовты (көпшілік шешімімен).

Хосе 26 жаста, бойы қарсыласынан ұзын – 171 сантиметр. Кильес кәсіпқойда екі жекпе-жек көткізген. Бір жеңіп, бір жеңілген. 2023 жылғы Еурпа ойындарындағы өнері арқасында Олимпиадаға жолдама алды: төрт жеңіс пен бір жеңілісі бар, Ибаньестен (төрешілердің ортақ шешімімен).

Сабырхан алдағы жекпе-жектің фавориті саналады. Боксшылар бұрын кездесіп көрмеген. Болжам: Біздің ойымызша, Хосе Кильес бұл жекпе-жекте жеңіске жетеді", - деп жазады мәлімет көзі.

Басқа спорттық жаңалықтар