2024 Париж Олимпиадасы

Сәкен Бибосынов Дусматовпен айқасқа қалай дайныдалатынын айтты

Сәкен Бибосынов Дусматовпен айқасқа қалай дайныдалатынын айтты
Sports.kz

Боксшы Сәкен Бибосынов Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады. Ол 51 келі салмақта турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

«Қарсылас өте мықты. Кездесу де қиын болды. Үшінші раундта аздаған қателіктер жібердім. Бапкерім де бірден соны айтты. Енді ол қателікті қайталамауға тырысамын. Тактикаға келер болсақ, ара-қашықтықты сақтап, соққы тигізіп, кері қайтуды ойластырдық. Үшінші раундта аздап бөгеліп қалдым. Осы кемшілікпен жұмыс істейміз», - деді Бибосынов.

Ескес алайық, Бибосынов Олимпиададағы бірінші жекпе-жегінде Еуропа чемпионы, түркиялық Самет Гүмушті жеңіп, енді ширек финалда ол өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен жұдырықтасады.

Басқа спорттық жаңалықтар