Футбол

Бразилия құрамасының капитанына Сауд Арабиясынан ұсыныс жасады

Бразилия құрамасының капитанына Сауд Арабиясынан ұсыныс жасады
manutd.com

Бразилия құрамасының капитаны және англиялық "Манчестер Юнайтедтің" жартылай қорғаушысы Каземиро карьерасын Сауд Арабиясында жалғастыруы мүмкін, деп жазады Marca.

Басылым мәліметінше, футболшыға Сауд Арабиясындағы футбол клубтарының бірі ұсыныс жасапты, енді Каземиро бұл ұсынысты қарастырып жатқан көрінеді.

Бразилиялық ойыншы "Манчестер Юнайтед" сапына 2022 жылы жазда "Реалдан" ауысқан болатын. Оның англиялық клубпен қазіргі келісімшарты 2026 жылға дейін есептелген.

Басқа спорттық жаңалықтар