2024 Париж Олимпиадасы
Садақ атудан Ильфат Абдуллин Париж Олимпиадасын аяқтады
ҚР ҰОК
Париждегі Олимпиада ойындарында садақ атудан ерлер арасындағы турнир басталды. Қазақстаннан алғаш болып Ильфат Абдуллин сынға түсті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Команда үздіктерінің бірі 1/32 финалда канадалық Эрик Питреске қарсы ойнаған болатын. Аталған кездесуде Ильфат 4:6 есебімен жеңіліп қалды.
Енді спорттың бұл түрінен Дәулеткелді Жаңбырбай мен Александр Еременко сынға түседі. Олар 1 тамыз күні бақ сынайды.