2024 Париж Олимпиадасы

Париж Олимпиадасындағы қазақстандық спортшылардың бүгінгі жарыс кестесі

Париж Олимпиадасындағы қазақстандық спортшылардың бүгінгі жарыс кестесі
ҚР ҰОК

Париждегі жазғы Олимпиада ойындары жалғасады. Бүгін отандастарымыз 6 спорт түрінен жарыс жолына шығады. Қазақстандықтар ойындарды Qazsport, Qazaqstan, "Хабар", "Ел Арна" және Jibek Joly арналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 2 қола бар. Дзюдошы Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанса, Ғұсман Қырғызбаев қола алды. Ал Олимпиаданың ең алғашқы жүлдесін мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле аралас жұптық сайыста жеңіп алған еді. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан 12-орында тұр.

Бүгін жарыс жолына шығатын спортшыларымызға сәттілік серік болсын.

• Триатлон. Финал 11:00. Екатерина Шабалина Хабар арнасы

• Стенд ату (Трап). Іріктеу 12:00. Мария Дмитриенко

• 50 метрден үш түрлі жағдайда оқ ату. Іріктеу 12:00. Ислам Сатпаев, Константин Малиновский

• Бокс. 1/8 финал 14:16. 57 кг Махмұд Сабырхан – Хосе Кулес Бротос 00:36. 75 кг Валентина Хальзова – Атеина Бибечи Билон

• Үстел теннисі. 1/8 финал 18:00. Кирилл Герасименко – Омар Ассар

• Спорт гимнастикасы. Көпсайыс. Финал 20:30. Милад Карими.

Басқа спорттық жаңалықтар