Еркін күрес

Үш дүркін әлем чемпионы. Тыныбекова әлемдегі ең мықты балуан атанды

Үш дүркін әлем чемпионы. Тыныбекова әлемдегі ең мықты балуан атанды
Today.KG

Әлемнің үш дүркін чемпионы, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері қырңызстандық бұрымды балуан Айсұлу Тыныбекова жыл қорытындысы бойынша ең үздік атағын иеленді, деп хабарлайды Біріккен күрес әлемі (UWW). 

Тыныбекова осы күзде Сербияда өткен әлем чемпионатында үшінші алтынын алды. Айсұлу – Орта Азия елдері арасында үш дүркін әлем чемпионы атанған алғашқы балуан.

UWW жалпы күрестің үш түрі бойынша 2023 жылдың үздік балуандарын анықтады. Ерлер арасында еркін күрестен әлемнің ең үздік балуаны Бахрейн атынан белдесетін дағыстандық Ахмед Тажудинов болды. Биыл ол әлем чемпионы атанды. Ал грек-рим күресінен 2023 жылдың үздік балуаны атағын кубалық Луис Санчес иеленді.

Басқа спорттық жаңалықтар