Футбол

Серхи Роберто "Барселона" үшін карьерасында алғаш рет дубль жасады

Серхи Роберто
Global Look Press

Каталондық «Барселона» қорғаушысы Серхи Роберто Ла Лиганың 18-турындағы «Альмерияға» қарсы матчте (3:2) екі гол салды.

Opta басылымының мәліметінше, 31 жастағы испаниялық футболшы каталондық клуб үшін карьерасында алғаш рет дубль жасап отыр. Қорғаушы "Барса" үшін 357 матчке қатысқан.

«Барселона» бұл матчтен кейін 38 ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орынға жайғасты.

Басқа спорттық жаңалықтар