2024 Париж Олимпиадасы

Мұхамедсабыр Базарбайұлы Олимпиаданың ширек финалына өткеніне қатысты ойын айтты

Мұхамедсабыр Базарбайұлы Олимпиаданың ширек финалына өткеніне қатысты ойын айтты
ҚБФ

Бокстан 63,5 келіде жұдырықтасатын Мұхамедсабыр Базарбайұлы Париж Олимпиадасындағы екінші жекпе-жегінен кейін шағын сұхбат берді, деп жазады Olympic.kz.

Еске салайық, қазақстандық боксшы Олимпиаданың екінші айналымында тайпейлік қарсыласын жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

"Қарсыласым өте ыңғайсыз жұдырықтасады екен. Өзі Азия ойындарының күміс жүлдегері, жолдаманы да сол жарыста алған. Жеңіске жету үшін барымды салдым. Оның үстіне, екінші жекпе-жек болған соң, шаршы алаңға да бой үйрете бастадым. Ал Олимпиаданың рухы керемет. Бүкіл спортшы армандайтын жарыс болған соң, аянып қалмау керек", - деді боксшы.

Басқа спорттық жаңалықтар