2024 Париж Олимпиадасы

Диёра Келдиёрова Ута Абеге қатысты жағымсыз пікірлерді тоқтатуды сұрады

Диёра Келдиёрова Ута Абеге қатысты жағымсыз пікірлерді тоқтатуды сұрады
Анвар Ильясов / Өзбекстан ҰОК

Дзюдодан Париж Олимпидасының чемпионы Диёра Келдиёрова өзбекстандықтардан қарсыласы Ута Абэге қатысты жағымсыз пікір жазбауын сұрап, барлығына құрмет көрсетуге шақырды.

Олимпиадада Диёра Келдиёрова Ута Абэні жеңгеннен кейін әлеуметтік желі қолданушылары жапониялық татами шеберінің ар-намысына тиетін пікірлер жаза бастаған екен.

“Мен көрермендерден бәріне жоғары құрмет көрсетуін сұраймын. Спорт - бізді біріктіретін күш! Біз басымызды дзюдо қосқан отбасымыз. Сондықтан жағымсыз пікір жазуды тоқтауларыңызды өтінемін. Менің ойымша, дзюдо үйрететін ең маңызды қағида - ол құрмет", - деп жазды Келдиёрова Instagram желісінде. 

Басқа спорттық жаңалықтар