2024 Париж Олимпиадасы

Қазақстандықтардың Париж Олимпиадасындағы бүгінгі жарыс кестесі

Қазақстандықтардың Париж Олимпиадасындағы бүгінгі жарыс кестесі
ҚБФ

Париждегі жазғы Олимпиада ойындары жалғасады. Бүгін отандастарымыз 5 спорт түрінен жарыс жолына шығады. Қазақстандықтар ойындарды Qazsport, Qazaqstan, "Хабар", "Ел Арна" және Jibek Joly арналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 2 қола медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанса, Ғұсман Қырғызбаев қола медаль алды. Ал Олимпиаданың ең алғашқы жүлдесін мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле аралас жұптық сайыста жеңіп алған еді. Жалпыкомандалық есепте 12-орында тұр.

Бүгін жарыс жолына шығатын спортшыларымызға сәттілік серік болсын.

• Стенд ату (Трап). Іріктеу 12:00. Мария Дмитриенко

• Дзюдо. 1/16 финал 13:00+. 81 кг. Абылайхан Жұбаназар – Аттила Унгвари 14:00+. 63 кг. Эсмигүл Куюлова – Лубьяна Пиовесана

• Жүзу. 100 м. еркін стиль. 14:15. Әділбек Мусин

• Бокс. 1/8 финал 19:18. 80 кг. Нұрбек Оралбай – Каллум Петерс 23:00. 51 кг. Сәкен Бибосынов – Самет Гюмюш

• Садақ ату. Жекелей сын, 1/32 финал 22:03. Ильфат Абдуллин – Эрик Питерс.

Басқа спорттық жаңалықтар