2024 Париж Олимпиадасы

Қазақстанда туған балуан Олимпиада чемпионы атанды

Қазақстанда туған балуан Олимпиада чемпионы атанды
Халықаралық дзюдо федерациясы

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында дзюдодан әзірбайжандық Хидаят Гейдаров бүгін 73 келі салмақта чемпион атанды.

Ол финалда Франция спортшысы Джоан-Бенжамин Габаны иппон әдісімен жеңді.

Айта кетейік, Гейдаров 1997 жылы 27 шілдеде Қазақстанның Қарағанды қаласында дүниеге келіпті. Хидаят 3 жасқа толғанда отбасы Бакуге көшіп кеткен. Бакуде ол 6 жасынан бастап спортпен шұғылдана бастайды.Гейдаровты бала күнінен қазірге дейін бір ғана бапкер - Тарлан Гасанов жаттықтырады екен.

Басқа спорттық жаңалықтар