Жасөспірімдер Олимпиадалық Ойындары

Жасөспірімдер Олимпиадасы: Қазақстан қоржынында қанша жолдама бар

Жасөспірімдер Олимпиадасы: Қазақстан қоржынында қанша жолдама бар

2024 жылдың 19 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында Оңтүстік Кореяның Каннын қаласында жасөспірімдердің IV қысқы Олимпиадасы өтеді. Аталған сынға қазақстандық спортшылар да қарқынды дайындалуда.

Қазіргі таңда Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қоржынында биатлон, конькимен жүгіру, шорт-трек, керлинг, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, фристайл параллель могул түрінен 30 жолдама бар. Десе де, жолдама саны әлі де толыға түсуі мүмкін. Өйткені жасөспірімдер Олимпиадасына лицензия беретін жарыстар әлі аяқталған жоқ.

IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты 2024 жылдың 19 қаңтарында Каннындағы Gangneung Oval спорт кешенінде өтсе, Ойындардың жабылу салтанаты 2024 жылдың 1 ақпанында Gangneung Olympic Park спорт кешенінде ұйымдастырылады деп жоспарланған.

Жасөспірімдер Олимпиадасы осымен төртінші рет өткелі отыр.


Дереккөз: olympic.kz

Басқа спорттық жаңалықтар