Теннис

WTA рейтингін жаңартты. Зарина Дияс бірден 59 саты жоғарлады

WTA рейтингін жаңартты. Зарина Дияс бірден 59 саты жоғарлады
Ktf.kz

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті.

Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Елена Рыбакина төртінші орнын сақтаса, Юлия Путинцева 30-дан 32-ге сырғыды. Өткен аптада Рыбакина денсаулығына, Путинцева жарақатына байланысты Париж Олимпиадасына қатысудан бас тартқан еді. Әйтсе де Олимпиада ойындары Халықаралық теннис федерациясы аясында өткізілетіндіктен мұндағы нәтиже WTA рейтингісіне әсер етпейді.

Жібек Құламбаева 441-ден бірден 19 сатыға жоғарылап, 422-ден бір шықты.

Сондай-ақ, Зарина Дияс 649-дан 590-орынға (+59) көтерілді.

Әлемдік рейтингіде көш басындағылар өзгерген жоқ.

Басқа спорттық жаңалықтар