2024 Париж Олимпиадасы

Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының қоласын жеңіп алды

Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының қоласын жеңіп алды
olympic.kz

Қазақстан құрамасының қоржыны екінші қола медальмен толықты. Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында үшінші орын алды.

66 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған отандасымыз қола медаль үшін өткен белдесуде серб спортшысы Страхиня Бунчичтен айласын асырды.

Ғұсман жартылай финалда бразилиялық Виллиан Лимадан жеңілген еді.

Басқа спорттық жаңалықтар