2024 Париж Олимпиадасы

Айбек Оралбай Олимапиададағы алғашқы қарсыласын нокдаунға түсірді

Айбек Оралбай Олимапиададағы алғашқы қарсыласын нокдаунға түсірді
ҚБФ

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Париждегі Олимпиада ойындарындағы бірінші жекпе-жегін өткізді.

92 келіге дейінгі салмақта бақ сынап жатқан отандасымыз нигериялық Адам Олаорені жықты. Айбек қарсыласын бірінші раундта нокдаунға да түсірді. Одан кейін де шабуылда ширақ, қорғаныста мығым болды.

Енді Айбек ширек финалда Хулио Сезар Ла Круз – Лорен Альфонсо Домингес жекпе-жегінің жеңімпазымен кездеседі.

Басқа спорттық жаңалықтар