Футзал

Футзалдан Қазақстан құрамасы ӘЧ-ге іріктеудің соңғы матчінде Румынияны ұтты

Футзалдан Қазақстан құрамасы ӘЧ-ге іріктеудің соңғы матчінде Румынияны ұтты
ҚФФ

Қазақстан құрамасы футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің соңғы матчында сырт алаңда Румыния құрамасын ұтты.

Бухарестте өткен Элиталық кезеңінің A тобындағы кездесу 2:0 есебімен Рикардо Кака шәкірттерінің пайдасына аяқталды.

Бірінші таймда, яғни сегізінші минутта Шыңғыс Есенаманов бірінші голды соқты. Матчтың екінші бөлігінде Біржан Оразов (26 минут) есепті қорытындылады.

Бұл кездесудің турнирлік маңызы болмады, өйткені Қазақстан 2024 жылы Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына жолдама алып қойған еді.

Кака командасы элиталық кезеңде 100 пайыздық нәтиже көрсетіп, 18 ұпайдан 18 ұпай жинады. Қазақстан Бухаресттегі жеңісінен бөлек, Нидерланд (2:0, 2:0) мен Әзербайжанды (4:2, 3:2) екі рет ұтты, сонымен қатар өз алаңында Румынияны (4:3) жеңді.

Басқа спорттық жаңалықтар