Футбол

Италия кубогінде «Интер» өз алаңында «Болоньядан» ұтылды

Италия кубогінде «Интер» өз алаңында «Болоньядан» ұтылды
"Чемпионат"

«Интер» футболдан Италия кубогінің 1/8 финалында «Болоньядан» ұтылды, деп жазады «Спорт-Экспресс». 

Миландағы «Джузеппе Меацца» стадионында өткен кездесу 1:2 есебімен алаң қонақтарының пайдасына аяқталды. 

Негізгі уақытта есеп ашылмады, тек 92-минутта Карлос Аугусто «Интерді» есепте алға шығарды. Ал қосымша уақыт бітер сәтте «Болонья» екі гол сала алды. 

Енді ширек финалда болониялықтар «Фиорентинамен» ойнайды. 

Басқа спорттық жаңалықтар