Футбол

Мбаппе дубль жасап ПСЖ-ны жеңіске жеткізді

Мбаппе дубль жасап ПСЖ-ны жеңіске жеткізді
RMC Sport

Футболдан Франция чемпионатның 17-турында ПСЖ өз алаңында "Метц" командасын ұтты.

Париждегі "Парк де Пренс" стадионында өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталды. 

Бірінші таймда есеп ашылмады. Ал үзілістен кейін Килиан Мбаппе дубль жасады және Витинья бір гол салды. Бұған метцтіктер Матье Удолдың бір голымен ғана жауап бере алды. 

Бұл ойыннан кейін ПСЖ 40 ұпай жинап турнир кестесінде көш бастап тұр. 16 балл жинаған "Метц" 14-орында. 

Басқа спорттық жаңалықтар