0

Месси Аргентинада жыл спортшысы атанды

Месси Аргентинада жыл спортшысы атанды
USA Today Sports

Америкалық "Интер Майами" клубының шабуылшысы Лионель Месси Аргентинада жыл спортшысы атанды.

36 жастағы Месси Буэнос-Айрестің Спорт журналистері қауымдастығы тағайындайтын "Алтын Олимпия-2023" сыйымен марапатталды. Месси аргентиналық ерлер арасында ең мықты спортшы атағын төртінші рет иеленді - "Алтын Олимпияны" ешкім мұнша рет иеленбеген.

Сонымен қатар, Лео жылдың ең үздік футболшысы болды.

Басқа спорттық жаңалықтар