Теннис
Қазақстандық теннисші Түркиядағы ITF турнирінің екінші айналымына өтті
olympic.kz
Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Анталиядағы ITF турнирінің жекелей сынында екінші айналымына өтті.
Бұл жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Попко аустриялық Ян Кобриескиді 6:3, 6:2 есебімен ұтты.
Енді қазақстандық теннисші ширек финалға шығу үшін аргентиналық Эсекиль Монферрермен ойнайды.
Бұл жарыста Попко жұптық сында да өнер көрсететінін айта кетейік.