Кәсіби бокс

Шетелдік басылым Жәнібек Әлімханұлын қазақстандық боксшымен жұдырықтасуға шақырды

Шетелдік басылым Жәнібек Әлімханұлын қазақстандық боксшымен жұдырықтасуға шақырды

Бокс жайлы жазатын шетелдік басылымның журналисі Льюис Уатсон орта салмақ дәрежесінде ұйымдастыруға болатын бес ең мықты жекпе-жек туралы жазды.

Шетелдік ақпарат порталы қазақстандық WBO және IBF әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен WBO Global белбеуінің иегері Мейірім Нұрсұлтановтың жұдырықтасуы тартысты болуы мүмкін екенін айтып өтті.

"Головкиннің ізімен келе жатқан қазақтың орта салмақтағы боксшылары Лондон автобустары сияқты. Жылдап біреуін күтесің, кейін бірден екеуі келеді. Бәлкім олай емес те шығар, бірақ бұл жекпе-жек тізімнің алды болуы керек. Бұл кездесуге кедергілер бар екені айдан анық. Екі боксшының да ісін жүргізетін Эдис Климас олардың жұдырықтасуын қаламайды. Өйткені мақсатқа жететін басқа да жолдар бар. Жекпе-жектің болу ықтималдығы өте төмен болса да, үздік бестікте болу керек", – деп жазды Уотсон.

Айта кетейік, боксшы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Бекзат Сұлтан Алматыда өткен бокс кешінде спортшының алдағы жоспарлары жайлы батыл мәлімдеме жасаған еді.


Дереккөз: badlefthook.com

Басқа спорттық жаңалықтар