Қазақстан футбол Премьер-лигасы
«Ақтөбе» Қазақстан құрамасының ойыншысының ауысқанын жариялады
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Бағдат Қайыров «Ақтөбенің» ойыншысы атанды.
«30 жастағы шабуылшы «Ақтөбе» футбол клубының түлегі. «Ақтөбе» мен «Ақтөбе-Жас» командаларының қосалқы құрамында өнер көрсетті. Кейін Ақтаудағы «Каспий», Қызылорданың «Қайсары», Шымкенттің «Ордабасысы» және Қостанайдың «Тобыл» клубтарында өнер көрсетті.
2016-2019 жылдары ол «Ақтөбенің» намысын қорғап, түрлі турнирлерде «қызыл-ақтардың» сапында жүзден астам матч өткізіп, екі гол соғып, төрт нәтижелі пас берді», - деп хабарлады бүгін ақтөбелік клуб.
Дереккөз: prosports.kz