Допты хоккей

Допты хоккейден «Ақжайық» жаңа маусымды ірі жеңіспен бастады

Допты хоккейден «Ақжайық» жаңа маусымды ірі жеңіспен бастады

Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» жаңа маусымды ірі жеңіспен бастады.

Батысқазақстандық бенди шеберлері Оралдағы «Жастар» стадионында «Ак Барс-Динамо-2» командасын қабылдап, 7:1 есебімен ойсырата ұтты.

Айдын иелерінен ресейлік легионер Артем Лапшин хет-трик авторы атанса, команда капитаны Максим Өтебалиев қарсыластың қақпасына қос доп енгізді. Тағы бір ресейлік Максим Пахомов және Қуаныш Маймақов бір-бір голдан соқты.

Қазандық клубтан Кирилл Лисин ғана көзге түсті.

Қос команда 21 желтоқсан күні екінші кездесуін өткізеді.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар