Теннис
Қазақстандық теннисші Түркиядағы турнирдің келесі айналымына шықты
Қазақстандық, әлемнің 458-ракеткасы Дмитрий Попко жекелей сында Анталия (Түркия) ITF турнирінің екінші айналымына шықты.
Доданың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 1399-орында тұрған аустриялық Ян Кобриескимен шеберлік байқасты.
Д.Попко 6:3, 6:2 есебімен онша қиналмай, жеңіске жетті.
Дмитрий Попко ширек финалға шығу үшін рейтингте 1523-сатыдағы аргентиналық Эсекиль Монферрермен таласады. Қазақстандық теннисші сондай-ақ жұптық сында да жарысты жалғастырады.
Дереккөз: kaz.inform