Футбол

Эшпириту Санту «Ноттингем Форрест» бас бапкері болып тағайындалады

Эшпириту Санту «Ноттингем Форрест» бас бапкері болып тағайындалады

Португалиялық маман Нуну Эшпириту Санту «Ноттингем Форресттің» жаңа бас бапкері болады.

Фабрицио Романоның ақпараты бойынша, 49 жастағы Эшпириту Сантудың клубпен келісімшарты дайын, оған бүгін қол қойылады. Келісімшарт екі жарым маусымға жасалады. Португалиялық бапкер мен оның өкілі кеше Англияға келді.

Нуну Эшпириту Санту үшін «Ноттингем Форрест»«Вулверхэмптон» мен «Тоттенхэмнен» кейінгі карьерасындағы үшінші англиялық клуб болады. Өткен маусымда және осы маусымның басында португалиялық маман Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» командасын жаттықтырып, қарашада қызметінен босатылған еді.


Декеккөз: prosports.kz

Басқа спорттық жаңалықтар