Жеңіл атлетика

Жеңіл атлетикадан Астанадағы турнирге әлем рекордшылары келе жатыр

Жеңіл атлетикадан Астанадағы турнирге әлем рекордшылары келе жатыр

Азия құрлығында алғаш рет World Athletics Indoor Tour Gold 2024 аясында Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes атты жеңіл атлетикадан алтын деңгейлі халықаралық турнир өтеді.

27 қаңтарда Астанада басталатын серия 23 ақпан күні Мадридте аяқталады. Осы аралықта жеті турнир өткізілмек.

Тур қорытындысы бойынша әрбір дисциплинадан көп ұпай жинаған спортшы жеңімпаз деп жарияланып, 10 000 АҚШ доллары көлемінде бонус алады. Сондай-ақ оларға Глазгода өтетін жеңіл атлетикадан жабық кешендегі 24-әлем чемпионатына қатысу ұсынылады.

Астанада төмендегі жеңіл атлетика түрлерінен жарыс өтеді:

Әйелдер: 400м, 60 м, 1 миль (1 609, 34м), 60м кедергілер арқылы, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру.

Ерлер: 60м, 60м кедергілер арқылы, 3000м, сырықпен секіру, ядро лақтыру.

Турнирге қатысу үшін жарияланған спортшылар арасында жеңіл атлетиканың әлемдік жұлдыздары – сырықпен секіруден қазіргі әлем рекордшысы Арманд Дюплантис, 5000 метрге жүгіруден қазіргі әлем рекордшысы Гудаф Цегай, сондай-ақ 200 метрге жүгіруде «Гауһар лигасы» финалының жеңімпазы – канадалық спринтер Арне де Грасс бар.


Дереккөз: olympic.kz

Басқа спорттық жаңалықтар