Футбол

"Қазақстандық Месси" алматылық "Қайрат" футбол клубында қалатын болды

Алматылық "Қайрат" футбол клубы Еркебұлан Сейдахметпен арадағы келісімшартты ұзартты.

Шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет пен "Қайрат" футбол клубтары арасындағы жаңа келісімшарт 2024 жылғы маусымның соңына дейін есептелген.

2022/23 жылғы маусымда Сейдахмет алматылық команда сапында барлық турнирде 27 кездесу өткізіп, 2 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар "Қайрат" футбол клубы Қазақстан Премьер лигасының өткен маусымында 26 ойында 44 ұпай жинап, 4-орын иеленген еді. Алматылық ұжым келер маусым еурокубок ойындарына қатыса алмайды.

Айта кетейік, Еркебұлан Сейдахметтің "Ақсу" футбол клубының қақпасына соққан голы ҚПЛ-дың 2023 жылғы маусымның үздік голы болып танылған еді.


Басқа спорттық жаңалықтар