Бокс

Айтжанов әлем чемпионының Олимпиадаға іріктеуге қатысуы жайлы сұраққа жауап берді

Айтжанов әлем чемпионының Олимпиадаға іріктеуге қатысуы жайлы сұраққа жауап берді
olympic.kz

Бокстан Астанада өткен "Чемпиондар түні" халықаралық турнирінде Бекзат Нұрдәулетов ресейлік қарсыласын жеңді. Жақында ұлттық құрамаға оралған боксшы жайлы бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов өз пікірін айтты, деп жазады Olympic.kz. 

"Бекзад қазір өз бабына келіп жатыр. Ерінбек еңбектеніп жатқанын да байқап отырмыз. Астанадағы турнирде де қарсыласын жеңді. Кәсіби және әуесқой бокстың айырмашылығы үлкен. Сондықтан, Нұрдәулетов біздің боксқа қайтадан төселіп қалды. Ал лицензиялық турнирге қатысты айтар болсам, алдымен Қазақстан Спартакиадасын ұтқан боксшылар барады", - деді Айтжанов.

Айта кетейік, Астанада өткен Спартакиадада Бекзат Нұрдәулетов 80 келіге дейінгі салмақта финалға шығып, Нұрбек Оралбайға есе жіберген еді. 

Еске салайық, 2019 жылы Екатеренборда өткен әлем чемпионатында Бекзат 81 келіде алтын жеңіп алған болатын.

Басқа спорттық жаңалықтар