Теннис

Australian Open турниріне 11 қазақстандық теннисші қатысады

Australian Open турниріне 11 қазақстандық теннисші қатысады
ҚТФ

Биылғы Australian Open турниріне қазақстандық 11 теннисші қатысады, деп хабарлайды Қазақстанның теннис федерациясы.

Неіңгзігі жарыстың жекелей сынында Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Александр Бублик өнер көрсетеді. Ал Жұптық сында Анна Данилина мен Александр Недовесов ойнайды.

Аустралия ашық чемпионатының іріктеуінде Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев өнер көрсетеді. Жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатында негізгі жарыста алғаш рет Әмір Омарханов пен Асылжан Арыстанбекова кортқа шығады.

Сонымен қатар, іріктеуге Даниал Рахматуллаев пен Виталий Зацепин қатысады.

Еске салайық, былтыр Елена Рыбакина Australian Open турнирінің финалына дейін жеткен. 

Басқа спорттық жаңалықтар