Футбол
Антуан Гризманн мадридтік "Атлетиконың" ең мықты сұрмергені атанды
Marca.com
Мадридтік "Атлетиконың" франциялық шабуылшысы Антуан Гризманн Испания чемпионатының 18-турында дубль жасады.
"Хетафе" командасына қарсы өткен матч тең есеппен аяқталды (3:3).
Бұл ойында Гризманн 44 және 69-минутта ерекшеленді. Осылайша, 32 жастағы форвард мадридтік команда үшін 173 гол салыпты. Осының арқасында ол "Атлетико" тарихындағы ең мықты сұрмерген атанып отыр. Бұған дейін мадридтіктердің ең мықты бомбардирі Луис Арагонес болатын.