Футбол

Қазақстан құрамасы ойыншысының шетелдік клубына жаңа бапкер келді

Қазақстан құрамасы ойыншысының шетелдік клубына жаңа бапкер келді
Матч ТВ

Словениялық «Копер» клубының бас бпкері қызметіне жергілікті маман Александр Радосавлевич тағайындалды.

44 жастағы маман командада Сафет Хаджичтің орнын басып отыр. Алайда 55 жастағы Хаджич клубтан кетіп қалған жоқ, ол енді ары қарай скаут және кеңесші ретінде жұмысын жалғастырмақ.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының жапртылай қорғаушысы Рамазан Оразов «Копер» клубында өнер көрсетіп жүр. Биылғы маусымда ол словениялық команда үшін 12 матчқа қатысып, 1 гол соққан.

"Копер" 19 тур қорытындысы бойынша 30 ұпаймен Словения чемпионатында үшінші келеді.

Басқа спорттық жаңалықтар