0
Бүгін "Барыс" ҚХЛ-де минскілік "Динамомен" ойнайды

Бүгін, 27 қазанда астаналық "Барыс" ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында Минсктің "Динамо" клубымен матч өткізеді.
Астанада өтетін кездесу 19:30-да басталады. Ойынды Qazsport тікелей көрсетеді. Сонымен қоса, трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді.
Бұл матч алдында 20 балл жинаған "Барыс" Шығыс конференциясында 11-орында келеді. Ал "Динамо" 21 ұпаймен Батыс конференциясында сегізінші орында.