Ауыр атлетика

Илья Ильинге шұғыл ота жасалды

Илья Ильинге шұғыл ота жасалды

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин тізесіне ота жасалғанын хабарлады.

Ол менисктің жыртылуына байланысты тізесіне операция жасады. Мұндай жарақаттың қалпына келтіру мерзімі әдетте шамамен алты айды құрайды.

Алайда, спортшының жұбайы Татьяна Гордиенкомен бірге түскен бейнежазбасынан Ильиннің тез жазылып, жаттығу залына оралғысы келетінін естуге болады.



Дереккөз: el.kz

Басқа спорттық жаңалықтар