UFC

Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде үздік үштікке кірді

Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде үздік үштікке кірді

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмонов өз салмақ дәрежесінде үздік үштікке кірді.

Жаһандық рейтингтің жаңартылған нұсқасын бейресми дереккөз ұсынды. Онда қазақстандық 2 саты жоғары көтеріліп, рейтингте 3-ші орыннан көрінді.

Жартылай орта салмақтағы чемпион - Леон Эдвардс. Рейтингте Камару Усман бірінші, Белал Мұхаммад екінші, Гилберт Бернс төртінші орынға жайғасқан. UFC 296 турнирінде Эдвардстан жеңілген Колби Ковингтон бесінші орынға төмендеді.

Қоса кетейік, қазақ спортшы жексенбі күні америкалық Стивен Томпсонды тізе бүктіріп, әлемнің үздік жекпе-жек промоушеніндегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді.



Дереккөз: prosports.kz

Басқа спорттық жаңалықтар