Семсерлесу

Семсерлесу: қазақстандық спортшылар Орталық Азия чемпионатынан олжалы оралды

Семсерлесу: қазақстандық спортшылар Орталық Азия чемпионатынан олжалы оралды

Өзбекстан астанасы Ташкентте семсерлесуден Орталық Азия чемпионаты өтті.

Рапирамен семсерлесуден қыздар арасындағы сайыста қазақстандық Інжу Сатымбек алтын медаль жеңіп алды.

Рапирамен семсерлесуден ұлдар арасындағы сында Әбдіхан Махамбет күміс, Сұлтан Хайрулла қола жүлдегер атанған.

Айта кетелік, чемпионатқа 12 жастан кіші спортшылар қатысты.



Дереккөз: olympic.kz

Басқа спорттық жаңалықтар