Бокс

Боксшылар олимпиадалық маусымды қалай бастайды? Бас бапкер жауап берді

Боксшылар олимпиадалық маусымды қалай бастайды? Бас бапкер жауап берді

Бокстан Қазақстан командасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Olympic.kz сайтына шағын сұхбат беріп, боксшылардың жаңа маусымды қалай бастайтынын айтты.

Айтжанов келесі маусымда спортшыларды өте маңызды жарыстар күтіп тұрғанын, тиісінше, жаттығу жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінетінін жеткізді.

"Қазір команданың біраз мүшесі Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық турнирге қатысып жатыр. Әлем чемпионы атанған боксшыларымыз жақында "Чемпиондар түні" бәсекесінде бақ сынады.

Кезекті жаттығу жиыны жаңа жылда басталады. Атап айтар болсам, қаңтар күні Алматы облысындағы "Ақбұлақ" олимпиадалық орталығында, тауда жалпы дене жаттығуы бойынша жиын өтеді.

Жалпы, жиынды үш кезеңмен өткіземіз деген жоспар бар. Жалпы дене жаттығуынан соң, арнайы дене жаттығуына көңіл бөлеміз.

Содан кейін техника мен тактиканы күшейтуге арналған жиын бар. Келесі маусымда бізді Олимпиадаға іріктеу турнирлері күтіп тұр. Біздің мақсатымыз - мейілінше көбірек жолдама алу", - деді бас бапкер.



Дереккөз: olympic.kz

Басқа спорттық жаңалықтар