Жеңіл атлетика

Astana Indoor Meet турниріне қатысатын отандық жеңіл атлеттер белгілі болды

Astana Indoor Meet турниріне қатысатын отандық жеңіл атлеттер белгілі болды

2024 жылдың 27 қаңтарында Астанада World Athletics санатындағы турнирлер қатарына енетін Әмин Тұяқовтың жүлдесіне арналған Astana Indoor Meet халықаралық жарысы өтеді.

Париж Олимпиадасының рейтингтік ұпайлары сарапқа салынатын турнирге Қазақстан атынан Ольга Сафронова мен Кристина Овчинникованың қатысына анықталды.

Сафронова 60 метрге жарысудан бақ сынайды. Ол Азия ойындарының жеңімпазы, Азия чемпионы және Азия ойындары мен құрлық біріншілігінің күміс жүлдегері.

Ольганың жабық кешендегі 60 метрге жеке рекорды – 7.26 секунд.

Аиіктікке секіру дисциплинасы бойынша Кристина Овчинникова өнер көрсетеді.

Кристина – Азия чемпионы, жабық кешендегі Азия чемпионатының күміс жүлдегері, сондай-ақ жабық кешендегі ұлттық сайыстың жеңімпазы. Оның үздік жеке көрсеткіші – 1.96м (ашық алаңда), 1.95м (жабық кешенде).

Сондай-ақ, Астанадағы турнирге сырықпен секіруден әлем рекордшысы, әлем және Олимпиада чемпионы Арманд Дуплантис те қатыспақ.



Дереккөз: olympic.kz

Басқа спорттық жаңалықтар