Биатлон

Щучинскте биатлоннан Қазақстан кубогінің екінші кезеңі өтеді

Щучинскте биатлоннан Қазақстан кубогінің екінші кезеңі өтеді

22-23 желтоқсан аралығында Щучинск қаласында қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында биатлоннан Қазақстан кубогінің екінші кезеңі өтеді.

Жарыс нәтижесі бойынша қысқы жасөспірімдер олимпиадасына қатысушылар анықталады.

Биатлоннан ел кубогінде Абай, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының өкілдері өнер көрсетеді. Биатлоншылар спринт бойынша сынға түседі.

Жарыс жолына ірі халықаралық жарыстардың қатысушылары, жүлдегерлері мен жеңімпаздары шығады.



Дереккөз: olympic.kz

Басқа спорттық жаңалықтар