Футзал

"Қайрат" ЧЛ негізгі раундындағы бірінші матчте жеңіске жетті

Алматылық "Қайрат" футзал клубы Чемпиондар лигасының негізгі раундында алғашқы ойынын өткізді. Қарсылас Люксембургтің "Дифферданж" командасы болды. 


Испанияның Пальма-де-Майорка қаласында өткен ойын алматылық команданың пайдасына 4:2 есебімен аяқталды. 


Ойынның 6-минутында Дәурен Тұрсағұлов есеп ашты, 10-минутта Деннис есепті еселеді. 11-минутта "Дифферданж" сапынан Рубен Рейс есеп алшақтығын қысқартты. Екі минут өте Невес де Лима алматылық команда үшін үшінші голды салды.


Екінші кезеңде люксембургтік команда тағы бір гол ала алды. Алайда, Невес де Лима 39-минутта дубль жасады. Осыдан кейін есеп өзгерген жоқ. 


Айта кетейік, ЧЛ негізгі раундына қатысып жатқан тағы бір қазақстандық "Аят" командасы португалиялық "Спорттингтен" 1:6 есебімен ұтылды. 


Басқа спорттық жаңалықтар