Семсерлесу

Қазақстандық семсершілер Орта Азия чемпионатында үш жүлде иеленді

Қазақстандық семсершілер Орта Азия чемпионатында үш жүлде иеленді
Спортты дамыту дирекциясы

Өзбекстан астанасы Ташкентте семсерлесуден Орта Азия чемпионаты аяқталды.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, рапирамен семсерлесуден қыздар арасындағы сайыста қазақстандық Інжу Сатымбек алтын жеңіп алды. Ал ерлер арасында осы сайыста Әбдіхан Махамбет күміс, Сұлтан Хайрулла қола жүлдегер атанды.

Айта кетелік, бұл жарысқа 12 жасқа дейінгі спортшылар қатысты.

Басқа спорттық жаңалықтар