Футбол
"Астана" Конференция лигасы іріктеуінде алғашқы ұпайға қол жеткізді
"Астана" Конференция лигасы топтық кезеңінде алғаш рет ұпай еншілей алды.
Осы жарыстағы үшінші мачтін астаналық команда сырт алаңда косоволық "Балканиге" қарсы өткізді. Приштина қаласында өткен ойын 2:1 есебімен астаналықтардың пайдасына аяқталды.
7-минутта Камо Оганесян есеп ашты, алайда бір минут өте сала алаң қожайындары сапынан Эдвин Куч есепті теңестіре алды. 23-минутта Григорий Бабаян жаттықтыратын команда қайтадан есепте алға шықты - Абзал Бейсебеков бұрыштан тебілген допты Энеа Количидің қақпасына дәл бағыттады.
Енді төртінші тур ойындары 9 қарашада өтеді. Ол күні "Астана" - "Балкани", "Виктория" (Пльзень) - "Динамо" (Загреб) командалары ойнайды.