Франция футбол чемпионаты

Францияның алты дүркін чемпионы барлық клубтық келісімшартынан айырылды

Францияның алты дүркін чемпионы барлық клубтық келісімшартынан айырылды
sportsfan.ru

Францияда "Бордо" футбол командасы кәсіпқой клуб мәртебесінен бас тартты.

Бұған дейін клубтың үшінші лигада бақ сынауға келіскені белгілі болды. L'Equipe мәліметінше, клуб басшлығы коммерциялық сотта тыңдауды күтпей-ақ, кәсіпқой мәртебесінен бас тартуға шешім қабылдады. Ал сотта клубтың таратылуы немесе бақылаудың ауысуы туралы жарияланады деп күтілген.

Осылайша, "Бордоның" барлық клубтық келісімшарттар жойылып, "Бордо" жаттығу орталығы жабылады.

Айта кетейік, "Бордо" алты рет Франция чемпионы болған, төрт рет ел кубогын және үш рет суперкубокты иеленген. Ал 2023/24 жылғы маусымда "Бордо" Лига 2-де тек он екінші болды.

Басқа спорттық жаңалықтар