УЕФА Конференция Лигасы

«Тобыл» Конференция лигасында швейцариялық командадан ойсырай ұтылды

«Тобыл» Конференция лигасында швейцариялық командадан ойсырай ұтылды
Sports.kz

Футболдан UEFA Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде қазақстандық «Тобыл» сырт алаңда Швейцарияның «Санкт-Галлен» командасымен матч өткізді. 

Ойынның 28-минутында қостанайлық Игор Ивановичтің тепкен добын «Санкт-Галлен» футболшысы Альберт Вальчидің аяғына тиіп, автогол болды.

Өз қақпасына гол жіберіп алғаннан кейін «Санкт-Галлен» басымдықты арттыра түсті. ОСылай швейуариляқтар қатарынан Михайло Стеванович 35, Шадрак Аколо 39-минутта екі гол соғып кетті. Ары қарай Бастьен Тома 77, Альберт Вальчи 97-минутта мергендік танытты.

Осылайша «Тобыл» қарсыласынан 1:4 есебімен ұтылды.

Енді қарымта ойын 1 тамызда Қостанай қаласында өтеді.

Басқа спорттық жаңалықтар