2024 Париж Олимпиадасы

Елена Рыбакина Париж Олимпиадасына қатысудан бас тартты

 Елена Рыбакина Париж Олимпиадасына қатысудан бас тартты
Reuters

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина 2024 жылы Парижде (Франция) өтетін Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартты.

Олимпиаданың ресми сайтында Рыбакинаның аты-жөні жеке және аралас жұптық (микст) сындағы сеткадан көрінбейді. Қазақстанның үздік теннисшісін аустралиялық Дарья Сэвилл (77-орын) алмастырды.

Аралас сында Елена Рыбакина Александр Бубликпен бірге өнер көрсетуі керек еді.

Еске салайық, Елена Рыбакинаның кейінгі рет Уимблдон турниріне қатысты, онда ол жартылай финалда чехиялық теннисші Барбора Крейчиковадан ұтылды.

Басқа спорттық жаңалықтар