Гандбол

Әйелдер арасында ганболдан әлем чемпионы анықталды

Әйелдер арасында ганболдан әлем чемпионы анықталды
AFP

Әйелдер арасындағы гандболдан әлем чемпионатының финалында Франция мен Норвегия құрамалары кездесу өткізіп, жеңімпазды анықтады.

Бұл ойында франциялық бұрымдылар екі кезеңде де басымдық көрсетіп, кездесу 31:28 есебімен ақталды. Осылайша, биылғы әлем біріншілігінде Франция чемпион атанды, Норвегия құрамасы күмісті місе тұтты.

Ал қола үшін таласта Дания құрамасы Швецияны 28:27 есебімен ұтты. 

Айта кеетйік, франциялықтар бұған дейін әлем біріншілігін 2003 және 2017 жылдары ұтқан екен.

Басқа спорттық жаңалықтар