ММА

Шавкат Рахмонов Томпсонмен айқас үшін карьрасындағы ең үлкен гонорарын алған

Шавкат Рахмонов Томпсонмен айқас үшін карьрасындағы ең үлкен гонорарын алған
instagram/darteam.kazakhstan

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың (18-0) Лас-Вегаста өткен UFC 296 турнирінде америкалық Стивен Томпсонмен (17-7-1) жекпе-жек үшін қанша гонорар алғаны белгілі болды.

MMA Salaries мәліметі бойынша, бұл жекпе-жек үшін "Номад" карьерасындағы ең қомақты гонорарды алды – 306 мың доллар (150 мың жекпе-жек үшін, 150 мың доллар жеңісі үшін, тағы 6 мың доллары - демеушілердің бонусы).

Ал Томпсонның бұл жекпе-жектегі табысы 416 мың доллар болған екен (400 доллар жекпе-жек үшін және демеушілер тарапынан ынталандыру үшін 16 мың доллар).

Басқа спорттық жаңалықтар