UFC

Дана Уайт Тони Фергюсон зейнетке шығатын сәт жеткенін айтты

Дана Уайт Тони Фергюсон зейнетке шығатын сәт жеткенін айтты

UFC атқарушы директоры Дана Уайт ұйым ардагері Тони Фергюсонның UFC 296 турниріндегі өнері туралы ойын айтты.

«Тонидің зейнетке шыққанын қалаймын. Пэддиге қарсы кездесуде Тонидің зейнетке шығатын уақыты жеткендей көрінді. Оның мансабын аяқтағанын қалаймын», - деді Уайт.

Тони Фергюсон төрешілер шешіммен Пэдди Пимблеттен жеңіліп қалды. Осылайша, 39 жастағы америкалық қатарынан 7-жеңіліске ұшырады.



Дереккөз: prosports.kz

Басқа спорттық жаңалықтар