Гандбол

Гандболдан Франция әйелдер құрамасы әлем чемпионы атанды

Гандболдан Франция әйелдер құрамасы әлем чемпионы атанды

Гандболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионы анықталды. Мұндай атаққа Франция құрамасы ие болды.

Финалда Франция мен Норвегия құрамалары кездесті.

Ойын барысында қос құрама бір-біріне лайықты қарсылық көрсете білді.

Бірінші кезеңде француз гандболшылары 21:18 есебімен басым түсті.

Екінші кезеңде де олар сол қарқыннан тайған жоқ.

Нәтижесінде Франция құрамасы қарсыласынан 31:28 есебімен сүріндіріп, әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

Аталған құрама бұдан бұрын мұндай атаққа 2003 және 2017 жылдарда қол жеткізген еді.

Ал 3-орын үшін сайыста Дания құрамасы Швециядан 28:27 есебімен басым түсіп, қола жүлдегер атанды.

Биыл әлем чемпионатына қазақстандық гандболшылар қатысып, жалпы командалық есепте 30-орынға тұрақтаған еді.



Дереккөз: kaz.inform.kz

Басқа спорттық жаңалықтар