Ла Лига

Джуд Беллингем Роналдуның рекордын қайталады

Джуд Беллингем Роналдуның рекордын қайталады

Мадридтік "Реалдың" шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем 21 ғасырдағы Испания футбол чемпионатында (Ла Лига) ең жақсы бастаулардың бірін көрсетті.

20 жастағы ағылшын Ла Лиганың 17-турында "Вильярреалға" қарсы кездесуде ерекшеленді (4:1). Беллингем үшін бұл 15 матчтағы 13-ші гол. Осылайша, ол Криштиану Роналдуның рекордын қайталады. Португалдыққа 2009 жылы Испания чемпионатында алғашқы 13 гол соғу үшін 15 кездесу қажет болды.

21 ғасырда мұны тек Роберт Левандовский 2022/23 маусымында тезірек жасай алды - "Барселона" шабуылшысына бұл үшін 12 ғана кездесу керек болды.

Беллингем - осы маусымда лиганың үздік бомбардирі. Оның ең жақын қуғыншылары - "Хетафеның" Борха Майоралы (10 гол) және "Атлетиконың" шабуылшысы Антуан Гризманн (9 гол).

Осы жеңістің арқасында "Реал" Ла Лигада бірінші орынға шықты.




Дереккөз: vesti.kz

Басқа спорттық жаңалықтар